28.05.2025 | 22:09

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ ЖАРЫС КҮНІНДЕ КІМДЕР САЙЫСҚА ТҮСТІ?

Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласындағы 26-шы Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде жүлде бұйырмады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

110 метрге кедергімен жүгіру. Давид Ефремов - 13.86 сек (финалға өтті)

Ұзындыққа секіру. Анастасия Рыпакова - 6.15 метр (финалға өтті)

3 қарғып секіру. Зелимхан Насыров - 16,21 метр (6-орын)

1 500 метр. Айана Болатбекқызы - 4:44.09 (12-орын)

100 метр. Виталий Земс - 10.58 сек.

Ұзындыққа секіру. Алина Чистякова - 5.92 метр

100 метрге кедергімен жүгіру. Юлия Башманова - 13.67 сек.

100 метрге кедергімен жүгіру. Антонина Чернышова - 14.17 сек.

10 000 метр қашықтықтағы бәсеке қатты жаңбырға байланысты ертеңге қалдырылды.

Медаль кестесі:

1.Қытай - 11 алтын, 4 күміс

2.Жапония - 3 алтын, 5 күміс, 6 қола

3.Үндістан - 2 алтын, 4 күміс, 2 қола

10.Қазақстан - 1 қола

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес