Канаданың Милтон қаласында велотректен Ұлттар Кубогының шешуші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін кейрин бағдарламасында Андрей Чугай 25-ші Сергей Пономарев 31-сатыдан көрінді. Енді екі шабандозымыз спринтте бақ сынайды. Ал Рамис Дінмұхаметов көпсайыстағы омниум санатында 18-нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Канададағы бәсекеде 56 елден келген 366 спортшы жүлдеге таласып жатыр.
Суреттер: UCI.