Ерлан Жұмабекұлы 1982 жылы 5 қыркүйекте Қостанай облысында дүниеге келген. Арқалық қаласындағы мемлекеттік педагогика институтын (2003 жылы), Шымкент университетін (2016 жылы), Қазақ спорт және туризм академиясының магистратурасын (2017 жылы) тәмамдаған. Еңбек жолын 2001 жылы жаттықтырушы-оқытушы ретінде бастаған. Осыған дейін Qazaq kuresi қауымдастығының бас директоры қызметін атқарған. Қазақ күресінен 2 дүркін әлем және Азия чемпионы. Дзюдодан ҚР спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық дәрежедегі төреші. Бапкер ретінде қазақ күресінен 9 әлем чемпионын, 5 Азия жеңімпазын 30-дан астам ҚР спорт шеберін даярлаған.