Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Дзюдо: Елдос Сметов әлем чемпионатының 2-айналымында жеңіске жетті

Новости по теме

Бүгін Ташкенттегі әлем чемпионатының алғашқы күні татамиге 60 және 48 келіге дейінгі салмақтағы дзюдошылар шықты. Жеребе тарту кезінде А тобына түскен Ұлттық құрама капитаны Елдос Сметов пен әзірбайжандық Карамат Гусейнов арасындағы 1-айналымдағы белдесу голден-скорға дейін созылды. Караматтың шабуылынан кейін қарсы әдіс жасаған Елдос жеңісті жұлып алды. Енді ол француз Седрик Револьды голден-скорда ұтқан Матан Коколаевпен (Израиль) күреседі.

Өкінішке қарай, Әлем чемпионатын С тобында бастаған осы салмақтағы тағы бір қазақстандық Мағжан Шамшадин (60 кг дейін) құрдасы Анджело Пантанодан жеңіліп қалды. Итальян дзюдошысы 40 секунд қалғанда вазари жасап кетті.

Айта кетейік, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта 42 дзюдошы қатысып жатыр.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.