Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Волейбол: «Тараз» ширек финалда Таиланд клубымен ойнайды

Новости по теме

Иран астанасы Тегеранда волейболдан ерлер клубы арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Биыл сары құрлық бәсекесінде Қазақстан намысын «Тараз» командасы қорғайды.

Әулиеата өңірінің ұшпа доп шеберлері В тобына Катардың «Әл-Раян», Ирактың «Эрбиль», Иранның «Шахбад Язд» командасымен түсті. А тобында «Тегеран Пейкан» (Иран), «Нахон Ратчасима» (Таиланд), South gas sports (Ирак) пен Suntory Sunbirds (Жапония) бар.

Чемпионаттың алғашқы күні, 14 мамырда «Тараз» «Әл-Раянмен» шеберлік байқасып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Ал ертесіне «Эрбилді» (3:0) еш қиналмай ұтты. Алайда Қазақстан клубы кеше, соңғы турда «Шахбад Яздқа» (1:3) есе жіберіп алды. Бұған қарамастан отандық команда В тобында 2-орын алып, плей-оффқа шықты. Енді ертең ширек финалда А тобында 3-орын алған Таиланд клубымен ойнайды. Жартылай финал 19 мамырда, финал 20 мамырда өтеді.

Біздің анықтама:

Волейболдан ерлер клубтары арасындағы Азия чемпионаты 1999 жылдан бастап жыл сайын өтеді. Осы аралықта тек 2 рет (2003 пен 2020 ж) індетке байланысты ұйымдастырылмаған. Құрлық чемпионы клубтар арасындағы жаһандық бəсекеде Азияның атынан өнер көрсетеді.

«Пайкан Тегеран» – клубтар арасындағы Азия чемпионатында ең көп – 7 рет жеңіске жеткен клуб. Жалпы аталған додада Иран клубтары 15 рет дес бермеген. Қазақстан бұл жағынан 4-сатыда (бір алтын, 4 күміс). Былтырғы жеңімпаз «Фулад Сирджан» (Иран).

Бүгінге дейін Азия чемпионатында алтын алған жалғыз Қазақстан клубы – «Рахат ЦСКА» (Пәкістан, 2005 ж). Оның алдында «Атырау» командасы 2 мәрте үздік үштікті түйіндеген.