Абылайхан Жұбаназар (81 кг дейін) Абу-Дабидегі Үлкен Дулыға бәсекесінің қола медалі үшін болған белдесуде әзірбайжандық Зелим Цкаевтан таза жеңілді.
Қазақстандық дзюдошы күндіз іріктеуде итальян Антонио Еспозито мен Сауд Арабиясының өкілі Мұхаммед Әл-Хажридың осал тұсын тапқан. Бірақ В тобының үздігі анықталған кездесуде молдовалық Михаил Латисевтен ұтылып қалды. Абылайхан жұбаныш белдесуінде украин Сергей Кривчачтың жауырынын жерге тигізді.