Швецияның Хельсингборг қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender санатындағы халықаралық турнир мәресіне жетті. Бұл бəсекеде отандасымыз Алан Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында қола жүлдеге қол жеткізді. Ол 5 матчта жеңіске жетіп, жартылай финалға шыққан. Алайда бұл кезеңде қарсыласына жол берді.
Алан Құрманғалиев – Дэвид Бьоркрид (Швеция) 3:2
Алан Құрманғалиев – Антонио Джордано (Италия) 3:0
Алан Құрманғалиев – Ю Кван Ту (Гонконг) 3:2
Алан Құрманғалиев – Михал Гавлас (Польша) 3:2
Алан Құрманғалиев – Драгош Бужор (Румыния) 3:2,
Алан Құрманғалиев – Джакомо Аллегранца (Италия) 2:3.