Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Әлем чемпионаты: ашық айдында жүзуден қазақстандықтардың нәтижесі

Новости по теме

Мажарстан астанасы Будапеште су спорты түрлерінен XIX Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде атлеттер жүзу (бассейн), суға тұғырдан секіру, су добы, көркем жүзу мен ашық айдында жүзуден жүлдеге таласпақ. Назарларыңызға айдында жүзген отандастарымыздың нәтижесін ұсынамыз.

Он шақырымға жарысқан Лев Черпанов 51-сатыдан көрінді. Уақыты – 2:08:15.00. Итальян Грегорио Пальтриньери (1:50:56.80) дес бермей, чемпион атанса, отандасы Доменико Ачеренца (1:50:58.20) күміс медаль иеленді. Үздік үштікті германиялық Флориан Велльброк (1:51:11.20) түйіндеді.

Ал әйелдер арасында 10 шақырымға жүзуде қазақстандық Диана Тасжанова 36-орын алды. Уақыты – 2:09:40.70. Нидерланды өкілі Шэрон Ван Раувендал (2:02:29.20) алдына жан салмаса, германиялық Леоние Бек (2:02:29.70) күміс, бразилиялық Анна Марсела Кунья (2:02:30.70) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, іріктеуге 22 елдің жүзгіштері тіркелген.