Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 1/8 айналым бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Кешкі сессияда соңғы болып шыққан 70 кг дейінгі салмақтағы Наталья Богданова испаниялық Дуниа Мартинезді жеңді. Төреші 3-раундта біржақты басымдықты ескеріп, жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.