Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АЛУА БАЛҚЫБЕКОВА – ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Ұқсас жаңалықтар

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында  Әлем кубогы кезеңінің финал жекпе-жектері жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова ақтық сында отандасымыз Асқар Сәрсенбаев баптайтын Финляндия елінің боксшысы Пихла Кайво-Ожамен күш сынасты. 3 раундқа созылған бәсеке Финляндия елінің пайдасына шешілді. Есеп: 2:3.

Айта кетейік, бұған дейін Бразилияда өткен Әлем кубогының кезеңінде осы салмақта Жазира Орақбаева қарсылас шақ келтірмеген.