Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АЛУА НҰРМАН — БЛИЦ ШАХМАТТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Ұқсас жаңалықтар

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өткен блиц шахматтан Азия чемпионатында Алуа Нұрман топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Швейцариялық жүйе бойынша өткен сары құрлық додасында Алуа жеті партияда жеңіске жетіп, бір кездесуде тең түсті. Тек бір ойында ғана қарсыласына жол берді. Соңғы турда тағы бір отандасымыз Ксения Балабаеваны жеңгенін айта кеткен жөн. Осылайша, отандасымыз 7,5 ұпай жинап, Азия чемпионы атанды.

Басқа ойыншыларымыздың нәтижесі: Елназ Қалиахмет — 5-орын, Ксения Балабаева — 7-орын, Лия Құрманалиева — 10-орын.