Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ҚАЗЫБЕК НӨГЕРБЕК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық гроссмейстер Қазыбек Нөгербек Францияның Канн қаласында өткен Festival International des Jeux 2025 халықаралық шахмат турнирінде жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

20 жастағы шахматшы 9 турдың қорытындысы бойынша 7 ұпай жинап, жүлделі үшінші орынға ие болды. Турнирдің соңғы кезеңінде Қазақстанның екі гроссмейстері – Қазыбек Нөгербек пен 24 жастағы Әлішер Сүлейменов өзара кездесіп, тартысты ойын көрсетті. Бұл партия турнирдегі ең қызықты кездесулердің бірі болды.