Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U-22 Азия чемпионатында жойқын соққысымен белгілі Аман Қонысбеков финалға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама спортшысы жартылай финалда Вьетнам өкілі Лу Пхамды 2-раундта техникалық нокаутпен ұтты. Енді финалда отандасымыз сенсациялық түрде жеңіске жеткен жарыс қожайынымен шеберлік байқасады. Осылайша, ерлер арасында 12 спортшымыз бас жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.