27.07.2025 | 17:59

АНАСТАСИЯ ГУЛИК СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 1/16 ФИНАЛЫНДА ЖАРЫСТЫ АЯҚТАДЫ

Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Анастасия Гулик 1/16 айналымда ресейлік бейтарап спортшы Яна Егорянға жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Оның қарсыласы – екі дүркін Олимпиада чемпионы әрі әлем біріншілігінің екі мәрте жеңімпазы.

1/16 финал
Анастасия Гулик – Яна Егорян (AIN) 9:15

Айта кетейік, Анастасия Гулик 1/16 финалға дейін жетіп, ел тарихында семсерлесуден әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарында ең үздік нәтижеге қол жеткізді.

Енді ол 29 шілде күні Карина Доспай, Айгерім Сарыбай және Татьяна Приходькомен бірге әйелдер құрамасы сапында командалық сайыстарға қатысады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес