06.07.2025 | 22:49

АЙБЕК ОРАЛБАЙ – ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНІҢ ЧЕМПИОНЫ

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында  Әлем кубогы кезеңінің финалы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Рингке соңғы болып шыққан аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай шешуші сында Германия боксшысы Никита Путиловпен өзара мықтыны анықтады. Өте тартысты өткен айқаста жерлесіміздің мерейі үстем болды. Есеп: 5:0. Айта кетейік, дәл осы салмақта 30 наурыз - 6 сәуір аралығында Бразилияда өткен әлем кубогы кезеңінде Даниал Сапарбай жүлдегерлер қатарына кірген.

Айбек Оралбайдың жарыстағы жолы:

1/8 кезеңде Хосе Агустин Трисет 5:0

Ширек финалда Диего Лензи 4:1

Жартылай финалда Махаммад Абдуллаев (Әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері) 5:0.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес