Ертең Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен бәсеке басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Назарыңызға біздің палуандардың алғашқы қарсыласын ұсынамыз:
50 кг: ширек финал: Светлана Анкичева – Ю Лин (Қытайдың Тайпейі) немесе Ти Донг (Вьетнам)
53 кг, іріктеу: Зейнеп Баянова – Сон Ён Парк (Оңтүстік Корея)
55 кг, ширек финал: Зүлфия Яхьярова – Отгонтуя Маянмух (Моңғолия) немесе Ёрим Ли (Оңтүстік Корея)
57 кг, іріктеу: Нилуфар Раимова – Неха Шарма (Үндістан)
59 кг, ширек финал: Гүлдана Бекеш – Сарбиназ Жиенбаева (Өзбекстан) немесе Пиол Хон (Солтүстік Корея)
62 кг, іріктеу: Тыныс Дүбек – Маниша (Үндістан)
65 кг, іріктеу: Гаухар Мұқатай – Дю Тон Лаи (Вьетнам)
68 кг, ширек финал: Ирина Казюлина – Зелу Ли (Қытай)
72 кг, ширек финал: Жәмилә Бақбергенова – Сехи Ким (Оңтүстік Корея)
76 кг, ширек финал: Эльмира Сыздықова – Ми Янг Ким (Солтүстік Корея)
Былтыр Бішкекте өткен сары құрлық чемпионатында Қайрат Сағадиев баптайтын команда 4 қола жүлдеге қол жеткізген. Медаль алғандар: Лаура Алмағанбетова, Диана Каюмова, Анастасия Панасович, Эльмира Сыздықова.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.