19.07.2025 | 02:39
Бөлісу:
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА МЕН НИЛУФАР РАЙЫМОВА БУДАПЕШТЕ МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
Бұл күндері Будапешт қаласында (Мажарстан) күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгінгі жарыс күнін балуан қыздарымыз 1 күміс, 1 қола жүлдемен аяқтады. Ұлттық құрама көшбасшысы Жәмилә Бақбергенова (72 кг) ақтық сында Үндістан өкілі Харшита Харшитаға жол берді. Тағы бір отандасымыз Нилуфар Райымова (57 кг) қолаға қол жеткізді.

Ертең жарыс жолына 3 спортшымыз, яғни Тыныс Дүбек (-62 кг), Ирина Казюлина (-68 кг), Эльмира Сыздықова (76 кг) шығады. Сонымен қатар бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері көтеріледі. Айта кетейік, аталмыш жарысқа 14 елден 99 үздік қатысушы жиналды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 ПАЛУАНЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 ПАЛУАНЫМЫЗ ҚАРСЫЛАСЫНЫҢ НӘТИЖЕСІН КҮТЕДІ