Бүгін Түркиядағы бокстан әйелдер арасындағы XII әлем чемпионатының финалистері анықталып жатыр. Санаулы сәттер бұрын 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Алуа Балқыбекова болгариялық Севда Асенова Юлиянованы 1-раундта ұтты. Енді қазақстандық финалда жұдырықтасады.
Осыған дейін Алуа Балқыбекова ширек финалда үндістандық Ниту Нитуды, 1/8-де серб Снежана Сильковичті, алғашқы жекпе-жегінде канадалық Приянка Диллонды ұтқан.
Айта кетейік, «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.

