13.02.2025 | 11:26
Бөлісу:
БИАТЛОН: ҚАЗАҚСТАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ – ЭСТАФЕТАДА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Санаулы сəттер бұрын Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында биатлоннан соңғы жүлде жиынтығы өз иесін тапты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан ерлер командасы эстафетада мәреге екінші болып жетті. Жарыста Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев квартеті Жапонияға есе жіберді. Қола Қытай еншісінде.

Бүгін барлығы 7 мемлекеттің құрамасы сынға түсті.
Айта кетейік, бұл – биатлоншылардың IX қысқы ойындағы 4-медалі. Осыған дейін жекелей сында Владислав Киреев чемпион, Вадим Куралес күміс жүлдегер атанған. Ал бірнеше сағат бұрын әйелдер құрамасы эстафетада үздік үштікті түйіндеді.
Фото: Тұрар Қазанғапов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
БИАТЛОН: VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН НЕ КҮТЕМІЗ?
БИАТЛОН: АЗИАДАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ЭСТАФЕТАДА ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
БИАТЛОН: АРИНА КРЮКОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫН 4-САТЫДА АЯҚТАДЫ
КИРИЛЛ БАУЭР УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ