26.03.2025 | 15:50
Бөлісу:
БИАТЛОН: VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН НЕ КҮТЕМІЗ?
Қысқы спорт түрлерінен ұлттық құрамаға ең көп 217 өкіліміз кіретін биатлоннан еліміздегі төрт жылдықтың басты бәсекесі басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Осы орайда жарыстың бас төрешісі Николай Выдрин қандай үміт күтетіндігін айтты.
Неше облыс қатысады? Қай облыс ең көп қатысушысын қосты?
10 облыстан 87 спортшы (47 ер, 40 әйел) тіркелді. Өкінішке қарай, осы жолы Алматы қаласы қатыспайды. Ал жаңа облыстар ретінде БҚО (1 спортшы) мен Қостанайды (3 спортшы) атап өтуге болады. Жалпы қатысушылардың саны бойынша бұл өте жақсы көрсеткіш.
Фавориттер кім?
Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары ең көп 12 спортшыдан қосты. Бұдан бөлек, Абай (11 спортшы) мен Қарағанды облысы (9 спортшы) да жүлдеге таласуғс ниетті. Барлығын жарыс барысы көрсетеді. Ең бастысы, Спартакиадада ұлттық құраманың барлық мүшелері жарысқа қатысады.
Ауа-райының қолайлығы мен жарыс алаңы
Ауа-райы ашық. Спортшыларға еш кедергісін келтірмейді. Негізгі қысқы спорт базасы Щучинскте орналасқандықтан, барлық спортшылар үшін жарыс алаңы жақсы таныс. Себебі, көптеген жарыстарды Щучинск қаласы өткізеді.
Алғашқы жүлде қашан сарапқа салынады?
Ертең 9:45-те аралас эстафетадан (1+1) және 11:45-те 2+2 сайысы бойынша жарыстар өтеді. Тікелей эфирді YouTube-тан COP ZVS TV арнасынан көре аласыз.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
БИАТЛОН: АЗИАДАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ЭСТАФЕТАДА ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
БИАТЛОН: АРИНА КРЮКОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫН 4-САТЫДА АЯҚТАДЫ
КИРИЛЛ БАУЭР УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ