Бокстан әйелдар арасындағы биылғы әлем чемпионаты 14-26 наурыз аралығында Үндістан астанасы Нью-Делиде өтеді. Шәміл Сафиуллин баптайтын еліміздің Ұлттық құрамасы барлық 12 салмақта бақ сынайды. Олар:
Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Надежда Рябец (66 келі), Мадина Нуршаева (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (+ 81 келі);