04.09.2025 | 08:48

БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСТАР КІМ?

Бокстан 4-14 қыркүйек аралығында Ливерпульде өтетін жаһандық доданың жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

50 келі 25 боксшы: Санжар Тәшкенбай 1/8 финалда Хузайфа Ешиш (Иордания) - Луис Руни (Ирландия, 23 жксқа дейінгі Еуропа чемпионы) жұбының жеңгенімен кездеседі.

55 келі, 39 боксшы: Махмұд Сабырхан 1/16 финалда Амир Мохаммади (Бельгия) - Ортиз (Мексика) жұбының жеңгенімен жолығады.

60 келі, 43 боксшы: Бейбарыс Жексен 1/16 финалда Лей (Тайпей) - Жунмилардо Огайре (Филиппин) жұбының қай мықтысымен кездеседі.

65 келі. 40 боксшы: 1/16 финал: Ертуған Зейнуллинов – Хуго Грау. Астанадағы Әлем Кубогының үшінші кезеңінің ширек финалында Ертуған басым түскен.

70 келі. 41 боксшы, 1/16 финал: Төрехан Сабырхан – Яче Юсуф Ислам

1/8 финалда Астанадағы Әлем Кубогының финалисі Хитеш Хитешпен (Үндістан) жолығуы мүмкін.

75 келі. 24 боксшы: Сабыржан Аққалықов 1/8 финалда Павел Илюша (Украина, Азия чемпионатының жартылай финалисі) - Мохаммад Ноурани (Иран) жұбының жеңімпазымен айқасады.

80 келі. 36 боксшы: Нұрбек Оралбай 1/16 фрналда Матвей Ражба (Украина) - Бен Носа Эхис (Германия) жұбының жеңгенімен жұдырықтасады.

Отандасымыз финалға дейін Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), Робби Гонзалес (АҚШ, әлем чемпионы), Куба спортшысымен жолығуы ықтимал.

85 келі. 24 боксшы: Бекзад Нұрдәулетов 1/8 финалда Георгий Кушиташвили (Грузия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) – Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазымен жолығады.

90 келі. 25 боксшы, 1/16 финал: Сағындық Тоғамбай – Айзек Око

+90 келі. 30 боксшы: Айбек Оралбай 1/8 финалда Илияс (Түркия) - Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңгенімен айқасады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес