Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

БРЕЙКИНГ: ДИАС ӘУБӘКІРОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ СЕНСАЦИЯ ЖАСАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Брейкингтен Индонезияда өтіп жатқан Fresh Mo Jam халықаралық рейтингтік турнирінде Ұлттық құраманың көшбасшысының бірі – Диас Әубәкіров топ жарды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Барлығы 52 мемлекеттің өкілдері сынға түскен бәсекеде Диас еш тайсалмай, финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы Виктор Монтальводан басым түсті.