29.08.2025 | 17:49

ДАМИР ШУЛЕНОВ ТАЕКВОНДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Муджу қаласында (Оңтүстік Корея) таеквондодан (WT) «Grand Prix Challenge G2» халықаралық турнирі жалғасуда, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарыстың кезекті күні ерлер арасында 68 келіде сынға түскен қазақстандық Дамир Шуленов өз салмағында үздік үштікке енді. Бұл сында Таиланд өкілі Банлунг Тубтимданг топ жарса, кореялық У Хёк Чонға күміс медаль бұйырды.

Додаға 33 елден 332 спортшы қатысып жатыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес