06.09.2025 | 22:46
Бөлісу:
ДАНИЛ ВАСИЛЬЕВ FIS КУБОГЫНДА ҮЗДІК БЕСТІККЕ КІРДІ
Бүгін шаңғымен тұғырдан секіруден Словенияның Любно-об-Савиньи елді мекенінде кезекті FIS кубогы өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама көшбасшысы Данил Васильев аталған жарысты үздік бестікте аяқтады. Оның еншісінде 275.0 ұпай бар. Ертең спортшыларды 2-жарыс күні күтіп тұр.
Қорытынды нәтиже:
1. Эней Фалетич (Словения, 297.8 ұпай)
2. Адам Нижник (Польша, 288.8)
3. Каймар Вагул (Эстония, 277.3)
4. Клеменс Сташель (Польша, 277.2)
5. Данил Васильев (Қазақстан, 275.0)
Бірнеше апта бұрын Васильев Польшаның Висла қаласындағы жазғы әлем кубогында 2-орын алып, тарихи нәтиже тіркеген.
Айта кетейік, Словениядағы кубокқа Қазақстан құрамасы сапынан тағы IV жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Илья Мизерных, Святослав Назаренко, Никита Девяткин, Нұршат Тұрсынжанов, Даниил Калинкин қатысты. Барлығы 20-ға жуық елден 72 шаңғышы өзара сынға түсті.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ДАНИЛ ВАСИЛЬЕВ FIS КУБОГЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ
СЕРГЕЙ ТКАЧЕНКО FIS КУБОГЫНДА ЖҮЛДЕГЕ БІР ТАБАН ЖЕТПЕЙ ТОҚТАДЫ
3 медаль! Шаңғымен тұғырдан секірушілердің қарқыны қатты