07.09.2025 | 18:26

ДАНИЛ ВАСИЛЬЕВ FIS КУБОГЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Бүгін Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Словенияның Любно-об-Савиньи елді мекенінде өткен FIS кубогында 3-орын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама көшбасшысы 250,7 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды. Бүгінгі нәтиже (трамплин К-90):

1. Адам Нижник (Польша) – 268,3 балл

2. Эней Фалетич (Словения) - 266,1

3. Данил Васильев - 250,7

Айта кетейік, Данил кеше аталған жарысты үздік бестікте аяқтаған (275.0 ұпай). Ал бірнеше апта бұрын Польшаның Висла қаласындағы жазғы әлем кубогында 2-орын алып, тарихи нәтиже тіркеген.

Барлығы Словениядағы бәсекеде 20-ға жуық елден 72 шаңғышы өзара сынға түсті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес