Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Дина Жоламан испан боксшысын жеңді

Ұқсас жаңалықтар

Ыстанбұлдағы Әлем чемпионатында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Дина Жоламан алғашқы жекпе-жегінде испан Мария Мадуэньо Кондеден айласын асырды. Үш раундтың қорытындысы 5:0. Айта кетейік, Дина Жоламан 2016 жылы Қазақстан астанасында өткен әлем чемпионатында топ жарған.

Сәл ертеректе рингке шыққан қазақстандық Назым Қызайбай Рио Олимпиадасының қола жүлдегері, Панамерика ойындарының чемпионы колумбиялық Ингрит Лорена Валенсия Викториядан ұтылып қалды. Осыған дейін шаршы алаңда өнер көрсеткен Алуа Балқыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (52 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) мен Валентина Хальзова (70) жеңіске жеткен.