Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Дмитрий Патанин Мерсиндегі Әлем Кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды

Ұқсас жаңалықтар

Түркияның Мерсин қаласында спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының соңғы, 6-кезеңі өтіп жатыр. Бүгін қазақстандық Дмитрий  Патанин еркін жаттығуда жеңімпаз атанды. Қазір Мерсинде 24 елдің 90-ға тарта гимнасты 10 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Жалпы биылғы Әлем Кубогы 6 кезеңнен тұрады. Осыдан кейін таңдаулы атлеттер 29 қазанда Ливерпульде басталатын Әлем чемпионатына дайындалады. Айта кетейік, бұл сында қазақстандықтардан тағы Ілияс Азизов пен Эмиль Ахмеджанов өнер көрсетіп жатыр.

«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.