24-28 ақпан аралығында Таиланд астанасы Бангкокта джиу-джитсудан Азия чемпионаты өтеді. Сары құрлық додасына 37 елден 550-ге тарта таңдаулы спортшы қатысады. Бангкоктегі бәсекеге аттанған Ұлттық құрама өкілдері мыналар:
Бекзат Баймұратов, Нұржан Батырбеков, Алдияр Серік, Олжас Нұртақанов, Руслан Исраилов, Жеңіс Нұрлыбаев, Әбу-Бәкір Жәнібек, Самат Сарсенұлы, Нұрсұлтан Дүйсенқұлов, Айгерім Қуатқызы, Галина Дуванова;
Бас бапкер – Илья Мирзо.