Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ДЗЮДОШЫ ЕКАТЕРИНА ТОКАРЕВА МЕН КАМИЛА БЕРЛІҚАШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан әскери қызметкерлер арасында әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Екатерина Токарева мен Камила Берліқаш қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Екатерина 78 кг дейінгі салмақта үшінші орынға таласта өзбекстандық Муштарийбегим Авзаловадан айласын асырды. Ал Камила аса ауыр салмақта (+78 кг) қола жүлде үшін бәсекеде франциялық Нокес Манонды ұтты.

Осыған дейін Нұрқанат Серікбаев 60 кг дейінгі салмақта чемпион атанса, онымен финалда күрескен Шерзод Давлатов күміс жүлде иеленген. Ал Жанарыс Рахметқали (66 кг) мен Бақытжан Абдурахманов (73 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.