Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ЕЛДОС СМЕТОВ ОЛИМПИАДАНЫҢ ФИНАЛЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құрама көшбасшысы Елдос Сметов (60 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында әлем чемпионы, Еуропа чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Франсиско Гарригосты (Испания) қосымша уақытта (golden score) ұтты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Екі татами шебері осыған дейін 4 мәрте күш сынасқан (2-2). Елдос бұл текетіресте алға шықты.

Финалда Елдос пен Лука Мхеидзе (Франция) күреседі.

Бүгін іріктеуде Сметов Торнике Чкадуаны (Нидерланд), Дильшот Халматовты (Украина), ширек финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Янг Ю Вейді (Тайпей) жыққан.

Айта кетейік, Елдос Сметов – Рио Олимпиадасының күміс, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы (2015), жазғы Азия ойындарының жеңімпазы (2014). 

Сурет: Сали Сабиров.