Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ЕЛЕНА РЫБАКИНА ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НАШАРЛАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСПАЙДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина XXXIII жазғы Олимпиадаға денсаулығының нашарлауына байланысты қатыса алмайды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Оның «Уимблдон» турнирінен кейін тыныс алу жолдары қабынып, ісініп, ауырған. Соған қарамастан Елена дайындалып, олимпия ойындарында жоғары нәтиже көрсеткісі келді. Алайда дәрігерлер оған кортқа шығуға, ұшуға тыйым салған.

ҚР Туризм және спорт министрлігі спортшының тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіреді. Біз оның алдағы жарыстарға бұдан мықты болып оралуын тілейміз.