Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Miami Open турнирінің жартылай финалында Беларусь теннисшісі Виктория Азаренканы жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ойын 2 сағат, 36 минутқа созылып, 6-4, 0-6, 7-6(2) есебімен аяқталды.
Матчтың статистикасы:
|
|
Рыбакина |
Азаренка |
|
Эйстер |
11 |
8 |
|
Қосарлы қателер |
3 |
6 |
|
Брейктер |
2 |
4 |
|
Жеңіп алған ұпайлар саны |
88 |
95 |
Бұл екі теннисші арасындағы 4-ойын. Барлық матчта Елена Рыбакина басым түскен (4-0).
Ұлттық құрама көшбасшысы былтыр да Майамидегі бәсекенің ақтық сынана жеткен. Алайда шешуші кездесуде чехиялық теннисші Петра Квитоваға жол берген.
Осыған дейін Майами корттарында Рыбакина Клара Таусон (Дания, 3-6, 7-5, 6-4), Тейлор Таунсенд (АҚШ, 3-6, 7-6(3), 6-4), Мэдисон Кизді (АҚШ, 6-3, 7-5) ұтқан. Ал ширек финалда Мария Саккариді (Грекия, 7-5, 7-6(4), 6-4) жарты жолда қалдырды.
Финалда қазақстандық теннисші Екатерина Александрова немесе Даниэль Коллинзбен сынға түседі. Айта кетейік, Майамидегі турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,7 млн доллар.
Сурет: WTA.