Теннисші Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирінің ширек финалында Элина Свитолинаны жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Матч 1 сағат 2 минутқа созылып, 6-3, 6-2 есебімен аяқталды. Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасының қола жүлдесі үшін ойында екі теннисі кездесіп, ол кезде украиналық басым түскен.
Келесі кезеңде Елена чехиялық ойыншы Барбора Крейчковамен сынға түседі.