Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ЕРЖАН ЕРЕНҚАЙЫПОВ ШИРЕК ФИНАЛДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫНАН ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының ширек финалында Ержан Еренқайыпов (-66 кг) әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы (жекелей, командалық) Рёма Танакамен күресті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз белдесудің аяғына қарай жапон палуанының нәтижелі әдіс жасауына мүмкіндік беріп қойды.

Енді Ержан жұбаныш кезеңінде күш сынасады. Еске сала кетейік, Рёма 2022 жылы Астанада өткен сары құрлық чемпионатында күміс жүлдегер атанған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.