15.06.2025 | 15:58
Бөлісу:
ЕСЕТ ҚУАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ШЫҒЫП ҚАЛДЫ
Будапеште өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың үшінші күні татамиге 73 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Есет Қуанов шықты. Өкінішке қарай, алғашқы кездесуінде ол Париж Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жоан-Бенжамен Габадан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады.
Осылайша, әлем чемпионатының үшінші күні қазақстандық дзюдошылар үшін сәтсіз аяқталды.

Қазіргі таңда Қазақстан еншісінде Абиба Абужақынова жеңіп алған бір күміс медаль бар.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ӘБИБА АБУЖАҚЫНОВА ӘЛЕМ РЕЙТИНГІНДЕ ЕКІНШІ ОРЫНҒА КӨТЕРІЛДІ
МАРАТ БАЙҚАМҰРОВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫНАН ЖЕҢІЛДІ
МАРАТ БАЙКАМҰРОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫН СЕНІМДІ БАСТАДЫ