Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Есмигүл Куюлова мен Мөлдір Нарынова 2-айналымда сүрінді

Ұқсас жаңалықтар

Дзюдодан әлем чемпионатының 2-айналымында 63 кг дейінгі салмақта күрескен Есмигүл Куюлова израильдік Керем Примодан, Мөлдір Нарынова нидерландтық Санне Вермерден ұтылды.

Есмигүл 3 ескерту алып, қарсыласы келесі кезеңге өтсе, Мөлдір таза жеңілді. Осы белдесуде Мөлдір Нарынова қабырғасын ауыртып алды. Қазір дзюдошымыз дәрігерге барып, рентгенге түседі.

Айта кетейік, Қазір Ұлттық құрама еншісінде Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынова салған қол медаль бар. Қазақстан жалпы есепте 6-орында тұр. Ертең, 4-күні татамиге Дидар Хамза мен Ислам Бозбаев (90 кг дейін), Анастасия Маякова (70 кг) шығады.