Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ ОЛИМПИАДАДА 21-ОРЫН АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Париж Олимпиадасында велоспорттан жекелей сындағы уақытқа жарыс өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Евгений Федоров 21-сатыдан көрінді. Оның уақыт көрсеткіші – 38:33.98 секунд. Отандасымыз жеңімпаздан 2 минут 21.82 секунд қалып кетті.

Жекелей сайыста барлығы 34 спортшы сынға түсті.

1.Ремко Евенепоел (Бельгия) – 36:12.16

2. Филиппо Ганна (Италия) – 36:27.08

3. Воут Ван Аерт (Бельгия) – 36:37.79