«Энгадин» тау шаңғы курортында (Швейцария) фристайлдан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ертең фристайл-могулдан іріктеу бәсекелері басталады, Фристайл-могулдан әлем чемпионатында сынға түсетін Қазақстан командасының құрамы:
Павел Колмаков, Федор Бугаков, Антон Бондарев, Максим Емельянов;
Юлия Галышева, Анастасия Городко, Юлия Феклистова;
Жалпы бұл бағдарламада 16 елден 103 атлет қатысады. Бас бапкер – Елена Круглыхина.