30.09.2024 | 13:07
Бөлісу:
ФУТЗАЛ: ҚАЗАҚСТАН МЕН АРГЕНТИНА ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛ ЖОЛДАМАСЫНА ТАЛАСАДЫ
Бүгін Ташкент қаласындағы «Хумо-Арена» кешенінде футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан мен Аргентина құрамасы ойнайды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы бәсекенің 1/8 кезеңінде әлем чемпионы Португалияны негізгі уақытта жеңіп (2-1), сенсация жасады. Ал Аргентина ойыншылары Хорватиядан (2-0) басым түскен.
Бүгін Қазақстан мен Аргентина ФИФА Әлем Кубогында 2-рет жолығады. Ұлттық құрама сапындағы қорғаушы Лео дисквалификациясы аяқталғандықтан, кешке алаңға шыға алады. Екі команда осыған дейін 2016 жылы әлем чемпионатының Е тобында кездескен. Букамаранга (Колумбия) қаласындағы 12 желтоқсандағы матчта Латын Америкасының өкілдері басым түскен (0-1).
Ойынның шолуы
Сол кезде топта 1-орын алған Аргентина сол доданың жеңімпазы атанса, 2021 жылғы Әлем Кубогының күміс жүлдесіне ие болды.
Айта кетейік, бүгін матч кешке Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Qazsport телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: ҚФФ.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
«ҚАЙРАТ» ФУТЗАЛ КЛУБЫ ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ
ТАМАША ЖЕҢІС! ФУТЗАЛДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН ЖЕҢДІ
АРНОЛЬД КНАУБ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ҮЗДІК СҰРМЕРГЕНІНЕ АЙНАЛДЫ
ФУТЗАЛДАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ӘЛЕМ ЧЕМАИОНАТЫНДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ