Астана қаласында грэпплингтен әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ересектер арасында ги түрінен біздің Ұлттық құрама 13 жүлдеге (4 алтын, 4 күміс, 5 қола) ие болып, жалпы есепте 1-орын алды. Польша мен АҚШ командасы үздік үштікте.
Біздің жүлдегерлер тізімі мынадай:
58 кг
Алтын – Әліхан Алшынбай
Қола – Нұрбек Сатыбалды
62 кг
Алтын – Самат Айтпанбет
Күміс – Нұрбек Мырзалинов
66 кг
Қола – Дәулет Жұмадуллаев
71 кг
Алтын – Сәрсен Жетібаев
77 кг
Күміс – Адлан Мадаев
Қола – Дмитрий Михайлиди
92 кг
Алтын – Руслан Исраилов
Қола – Рамазан Құсайынов
100 кг
Күміс – Рамазан Абдрахимов
130 кг
Күміс – Сәулет Әбусалихов
Әйелдер, 64 кг
Қола – Фариза Құлынтай