Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ГҮЛДАНА БЕКЕШ, СВЕТЛАНА АНКИЧЕВА МЕН ИРИНА КАЗЮЛИНА ҚОЛА ЖҮЛДЕСІЗ ҚАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құрама спортшысы Гүлдана Бекеш (59 кг), Светлана Анкичева (50 кг) және Ирина Казюлина Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдеге бір табан жетпей тоқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Светлана қола жүлде үшін белдесуде моңғолиялық бозкілем шеберінен жеңілді. Есеп: 0-3.

Ал Гүлдана әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022 ж) қытайлық Се Мэньюйден (Қытай) ұтылды. Еске сала кетейік, Гүлдана былтыр дәл осы Иорданияда өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында 3-орыннан көрінген.

Ирина Казюлина (68 кг) Иордания астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының қола медаль үшін белдесуінде үндістандық спортшыдан ұтылып қалды. Есеп: 2-12.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.