Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ильфат Абдуллин Әлем Кубогы кезеңінде 4-сатыға тұрақтады

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Түркияның Анталья қаласында садақ атудан Әлем Кубогының алғашқы кезеңі аяқталды. Бұл сында Ильфат Абдуллин Ұлттық құрама спортшылары арасынан алғаш рет жартылай финалға шығып, үндістандық Дхирадж Боммадварадан 3-7 есебімен ұтылып қалды.

Айта кетейік, Ильфат жартылай финалда жекелей сында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, франциялық Жан-Шарль Валладонмен шеберлік байқасып, қарсыласына жол берген. Есеп: 4-6.

Биылғы бәсекенің 1-кезеңіне 52 елден 400-ге тарта садақ асынған мерген қатысты. Енді Әлем Кубогының 2-кезеңі Қытайдың Шанхай қаласында өтеді.