19.08.2025 | 14:01
Бөлісу:
ИРИНА ЮНУСМЕТОВА ШЫМКЕНТТЕГІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 7-ОРЫН АЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласында нысана көздеу мен стенд атудан XVI Азия чемпионатының 2-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Пневматикалық тапаншамен 10 метрден оқ атуда Ұлттық құрама спортшысы Ирина Юнусметова финалда 134.9 ұпаймен 7-сатыға табан тіреді.
Ақтық сын сенсациямен жанкүйерлер есінде қалды. Биыл ересектер арасына енді қосылған қытайлық Ма Цяньке топ жарды (243.2 балл). Ал Париж Олимпиадасының чемпионы (25 м, тапанша), әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ян Джин (Оңтүстік Корея) 2-орын алды (241.6). Үздік үштікті Ману Бхакер (Үндістан) түйіндеді.

Осы жаттығудың командалық сайысында Қытай алтыннан алқа тақса, Оңтүстік Корея күміс, Үндістан қола жүлдеге ие болды. Қазақстан құрамасы (Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова, Валерия Попелова) 6-сатыда тұр.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ЕЛИЗАВЕТА БЕЗРУКОВА ҮЗДІК ОНДЫҚТА
ИСЛАМ СӘТПАЕВ 2 ДҮРКІН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ