Бүгін түнде еркін күрестен Ұлттық құрама спортшысы Камиль Куруглиев (-92 кг) Загребтегі әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Санаулы сəттер бұрын отандасымыз жұбаныш белдесуінде Бенжамин Конрад Хонистен (Италия) соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды. Куруглиевтің қарсыласы ирандық Амирхосейн Биглар Фиразпур болмақ. Финалдар бүгін Астана уақытымен 21:00-де басталады. Елімізде чемпионатты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.