Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында еліміздегі көшбасшы спортшымыздың бірі – Карина Ибрагимова рингке шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Oл 1/8 айналымда Париж Олимпиадасының қатысушысы, колумбиялық Валерия Арболеда Мендозаны жарыс жолынан шығарды. Есеп: 5-0.
Осылайша күндізгі сессия жерлестеріміз үшін сәтті аяқталды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.