Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ХАРБИН-2025: КЁРЛИНГТЕН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін кёрлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарының топтық кезеңін аяқтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Шешуші турда біздің спортшылар Қытайдың Гонконг командасымен ойнап, 8 эндтен кейін 6-3 есебімен басым түсті.

Біздің кёрлинг шеберлеріміз матчтың орта тұсына қарай айқын басымдық көрсеріп, ұпай қорын молайтып тастады. Командамыздың құрамы - Тылсымай Аллиярова, Мерей Тастемір, Ангелина Эбауер, Екатерина Колыхалова (Регина Эбауер*).

Енді біраздан кейін жартылай финалдағы қарсылас белгілі болады. Плей-офф кезеңіне Қазақстан, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея шықты.

Фото: Сали Сабиров.