Шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер құрамасы Қытайдағы қысқы Азия ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Олар топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Гонконгпен кездесіп, 12:0 есебімен жеңіске жетті. Келесі матч ертең Астана уақытымен 16:30-да Таиландқа қарсы өтеді. Шайбалы хоккейден бәсеке 14 ақпан күні мәресіне жетеді.