Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ХОККЕЙДЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОЙЫНЫНДА ЖЕҢІЛІП ҚАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Алматы қаласында хоккейден ерлер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Сары құрлық чемпионатындағы алғашқы матч Ұлттық құрамамыз үшін сәтсіз болды. Оңтүстік Корея командасымен кездесу 1-4 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді. Жалғыз шайбаны шабуылшы Александр Борисевич салды.

Енді Олег Бояркин баптайтын Қазақстан құрамасы 8 қарашада Қытаймен, ал 9 қарашада Жапония хоккейшілерімен кім мықтыны анықтайды.