Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

КИРИЛЛ ГЕРАСИМЕНКО ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 1/16 КЕЗЕҢІНЕ ШЫҚТЫ

Ұқсас жаңалықтар

Үстел теннисінен Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Кирилл Герасименко 3-айналымға жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін команда көшбасшысы Кирилл Герасименко үш дүркін Азия чемпионатының қола жүлдегері, жапон шебері Хирота Синозукамен тартысты матч өткізіп, 4:2 (4:11, 11:5, 12:14, 11:8, 13:11, 11:8) есебімен жеңді.

Бұл Кириллдің әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі! Келесі қарсылас – Париж Олимпиадасының жартылай финалисі, әлем рейтингінде 3-орында тұрған Уго Кальдерано (Бразилия).